Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.

Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектері мен гүлдерін қабылдайды. Әр түрлі мерекелік шаралар өткізіліп, қабырға газеттері ілінеді. Міне, Алға орта мектебінде де "Ұстаз - ұлы тұлға" атты ұстаздарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешке арнайы ардагер ұстаздарымыз шақырылды. Кешті мектебіміздің директоры Н.Жұмағалиева құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарымызға бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табыс етілді. Бүгінгі мерекелік кешті ұйымдастырған 9-сыныпқа және сынып жетекшісі Сюнова Фаридаға алғысымыз шексіз.