18-қазан күні Ақтоғай орта мектебі кәсіби қауымдастық жұмысына тарту мақсатында Алға орта мектебінің бастауыш сыныптар бірлестігінде әдістемелік сағат ұйымдастырылды.

Әжіғалиева Ф. 1 сыныпқа сауат ашу пәнінен "О о дыбысы мен әрпі" тақырыбында, Ележанова А. 4ә-сыныбына жаратылыстану пәнінен "Сенің өлкеңде қандай жануарлар бар?" тақырыбында, Бижанова Б. 4а-сыныбына әдебиеттік оқу пәнінен "Жақсы деген- немене? Жаман деген- немене?" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалімдер әдістемелік көмек алып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.