Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай Алға орта мектебінде "Дана халықтың дара Абайы"атты кең көлемде шаралар өз дәрежесінде бастау алды.

 

Шара ашылуының өзі барлық сынып сап түзеумен жиналып,әнімен ашылды. Абай өлеңдерінен эстафета басталып, әр сыныптар бір-біріне жолдап, мәнерлеп оқыды. Жоспарға сай осы апталықтың негізінде алдағы күндерде Абай афоризмдерінен шағын тренингтер, сыныптан тыс шаралар, эстафеталар, поэзиялық сағаттарды өткізе отырып, Абай мұраларының философиялық құндылығын болашақ ұрпағымыздың санасында сараланып, үлгі-өнеге етуді мақсат етеміз.Соның бір дәлелі ретінде мектебіміздің кітапханасында Абай шығармаларын,аудармаларын негізге ала отырып, "Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,ерінбе!" тақырыбында Қуандықова Ақкүріштің 5-сынып оқушыларына өнегелік сағаты өткізілді. Аталған шарада кітапханашы Ержанова Гүлмира Абай мұраларынан көрме ұйымдастырып, өмірінен презентация көрсетілді. Шараның мақсаты ұлы ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, көркем сөйлеуге өз бетімен іздене беруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.