Қазан айының алғашқы аптасы ұстаздар күніне орай Алға орта мектебінде осы атаулы мереке жоғарғы деңгейде тойланды.Қандай марапатқа да,қошеметке де лайық қарапайым, ұстаздық еңбек жолын, жемісті жылдарын Алға орта мектебінде өткізген, өңірдің ғана емес, кең байтақ қазақ елінің білім саласындагы ортақ мактанышы КСРО Халық мұғалімі Құсиын ағамыздың құрметіне арналған "Халық мұғалімі"атты кітаптың тұсау кесері болды. Бұл шара облыс көлемінде қыркүйек айының басында облыстық Білім және ғылым баскармасының қолдауымен улкен шара болып Атырау қаласында өтсе, кеше ұстаздың өзінің қара шаңырақ білім ордасы Алға орта мектебінде өтті. Кешке ағаймен үзеңгілес достары, ұжымдастары, әріптестері, шәкірттері қатысып, ағай туралы естеліктер айтылды. Сонымен қатар Ұстаз болу-өз уақытыңды аямау, өзгенің уакытын аялау -деп, француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы осы қастерлі мамандықтың қадірлі иесі болу үшін жоғарғы білім игеруден бөлек,өнегелі өмір тәжірибесін өткеру керек. Осы орайда мұғалімдікті атадан балаға мирас етіп, ұлағатты ұстаздар династиясын қалыптастырып келе жаткан үлгілі отбасы- осы Құсекең ағайымыздың отбасы деуге болады.