13–17 сәуір аралығында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында бастауыш сыныптар арасында экологиялық білім беруге бағытталған «5 минуттық құндылық» іс-шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылды. Аталған жұмыс әр күннің алғашқы және соңғы сабақтарында өткізіліп, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Іс-шара барысында қоқысты сұрыптау, су мен электр энергиясын үнемді пайдалану, жасыл желектердің экожүйедегі рөлі, табиғатты ластанудан қорғау, жануарларды қорғау мәселелері қамтылып, оқушыларға ғылыми-танымдық тұрғыда түсіндірілді. Профилактикалық бағыттағы әңгімелер мен қысқаша талқылаулар арқылы білім алушылардың экологиялық сауаттылығы мен құндылықтық бағдарлары нығайтылды.
Атап айтқанда, 1 «ә» сыныбы (жетекшісі Тағаева Н.), 1 «а» сыныбы (жетекшісі Сүндетова А.), 3 «а» сыныбы (жетекшісі Әжіғалиева Ф.), 3 «ә» сыныбы (жетекшісі Балқасынова Қ.), 4 «а» сыныбы (жетекшісі Несіпқалиева М.) сынып жетекшілері өз жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, оқушылармен тиімді кері байланыс орната отырып, тақырыптық түсіндіру жұмыстарын сапалы деңгейде жүзеге асырды.
Жүргізілген жұмыстар білім алушылардың табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және экологиялық жауапкершілігін арттыруға оң ықпал етті.