Мектебімізде «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында бірыңғай диктант өткізілді. Аталған шараның мақсаты – білім алушылардың сауаттылығын арттырумен қатар, олардың жауапкершілік пен тәртіпке деген көзқарасын қалыптастыру болды.
Диктантқа барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін сынады. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, сауатты жазуға тырысты. Шара барысында тәртіп сақтау, ұқыптылық және өз ісіне жауапкершілікпен қарау сияқты маңызды қасиеттерге ерекше мән берілді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына да оң әсерін тигізеді.