Алға орта мектебінде қыркүйек айында оқушылардың құқықтарын қорғау, олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және буллингтің алдын алу мақсатында ағарту жұмыстарын мектептің педагог-психологтары жүргізді.
Республикалық сенім телефоны – байланыс орталығының «111» нөмірі туралы ақпарат беріліп, OR-коды ілінді.
«Stop Bullying» көмегі – арнайы OR-код ілінді және таныстырылды.
Сенім телефоны туралы хабарламалар орналастырылды.
Мектеп педагог-психологінің сенім телефоны көрсетіліп, оқушыларға қолжетімді жерлерге ілінді.
Барлық хабарламалар 1–11 сынып оқушылары мен ата-аналарына қолжетімді орындарға орналастырылды.
Сонымен қатар, сынып жетекшілеріне (1–11 сынып) оқушылар арасында сенім телефондарының маңызы, буллингтің алдын алу жолдары, көмекке жүгіну тәртібі туралы ағарту жұмыстары жүргізілді.