2026 жылдың 17 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай Наурызнама онкүндігіне Алға орта мектебінде 2-сынып оқушыларымен «Шаңырақ күні» тақырыбында шара өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы бірлігі мен татулықтың маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Шаңырақ күні - ұлттық құндылықтар мерекесі. Бұл мейрам -бірлік пен бірлікті, отбасы құндылықтарын ұлықтайтын ерекше күн.
Шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, ән айтылды. Шара қатысушыларына мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттер қалыптасады.