Алға орта мектебінде 2025 ж 20 қараша күні “Математика, информатика, физика - болашақтың негізі” аптылығы аясында цифрлық сауаттылық пәнінен “Бағдаршам-робот” тақырыбында 4а сыныбына ашық сабақ болып өтті. Пән мұғалімі Л.Кадирова.
Мақсаты: түс датчигін қолдану арқылы бағдаршам-робот жасау.
Оқушылар датчиктің қандай түстерді анықтайтынын, роботқа қандай командалар беруді үйренді. Топтық жұмыс барысында балалар белсенділік танытып, роботты бағдарламалау, қосу, тексеру кезеңдерінде ынтымақтастық көрсетті.
Оқушылардың жетістігі: Түс датчигінің қызметін түсінді. Бағдаршам-роботтың жұмыс логикасын дұрыс құра алды. Қарапайым бағдарламалау қадамдарын орындап шықты. Шығармашылық және техникалық ойлау дағдылары дамыды.
Сабақ мақсаты толық орындалды. Оқушылар робототехникаға қызығушылық танытып, LEGO Mindstorm Education EV3 платформасында жұмыс істеу дағдыларын күшейтті. Сонымен қатар ЖИ-мен кері байланыс жасап, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.