БІЛІМ КҮНІ: 11-СЫНЫПТАРДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
2026 жылғы 1 қыркүйек күні мектебіміздің
11 -сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Мектеп түлектері Ата Заңның маңызы, заң мен тәртіпті сақтау, адал білім алу және белсенді азаматтық ұстаным төңірегінде ой бөлісті. Сынып сағатының басты мақсаты – болашақ түлектердің бойында отансүйгіштік, адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Оқушылар «Заңды сыйлау – сапалы өмір кепілі», «Экологиялық мәдениет және жауапкершілік» сияқты тақырыптарда өз ой-толғамдарын ортаға салды.
Болашақ – білімді, адал әрі жауапкершілігі жоғары жастардың қолында.
Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған 11-сынып оқушыларымызға жаңа оқу жылында табыс, биік асулар мен толағай табыстар тілейміз! Ел үмітін ақтар білікті де адал азамат болыңыздар! Сынып жетекшілері: Изтелеуова Самал, Төлеева Қарлығаш.#алғаортамектебі #білімкүні #11сынып #бірыңғайсыныпсағаты #адалазамат #атазаң
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/288-bilim-k-ni-11-synyptarda-biry-aj-synyp-sa-aty-tti.html#sigFreeId3ddabf3a1f












