Білім күні – жаңа оқу жылына жарқын қадам!
Бүгін Алға орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған
"ТАЗА КАЗАКСТАН"
"Жана конституция кундылыктары - экологиялык
мадениет пен жауапкершіліктін, негізгі" тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.
Салтанатты шараға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар және арнайы қонақтар қатысты. Жиында ауыл әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше сәттерге толы мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бірінші сынып оқушыларына білімнің алғашқы баспалдағы саналатын «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табысталды. Бұл күн бүлдіршіндердің мектеп өміріндегі ең маңызды әрі есте қаларлық күндерінің біріне айналды.
Шара барысында оқушылардың қатысуымен сазды бағдарлама ұсынылып, әсем ән шашулары мерекенің сәнін келтірді.
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Барша ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық табыс, биік жетістіктер, жарқын жеңістер тілейміз!
Білім күні құтты болсын!
Жаңа оқу жылы сәтті басталсын!
https://www.facebook.com/100023546553690/videos/pcb.2262532517874945/2917518995293690?locale=ru_RU
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/289-bilim-k-ni-zha-a-o-u-zhylyna-zhar-yn-adam.html#sigFreeIdd7c0fb062d












